Журнал туралы

«Industrial Technology and Engineering» халықаралық ғылыми журналы 2011 жылдан бастап шығарылып келеді. Журнал сериялы басылымдарды тіркеу Халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) 2011 жылдың маусым айында ISSN 2223-3911 тіркеу нөмірімен тіркелген.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі №11566-Ж мерзімді баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттігін тіркеу туралы куәлігі берілген.

Меншік иесі - «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Шымкент қ.). Журнал өзекті ғылыми проблемалардың зерттеулердің нәтижелеріне, әдебиет көздерін талдай отырып жазылған мақалаларды келесі салалар бойынша жариялайды:

  • Индустриалды технологияның теориялық негіздері
  • Химиялық технология және нанотехнологиялар
  • Табиғи және техногендік шикізатты кешенді өңдеу
  • Биотехнология
  • Қоршаған ортаны қорғаудың инженериясы
  • Технологиялар инженериясы және оларды коммерциализациялау

Журнал тоқсан сайын ағылшын тілінде баспа түрінде шығарылады. Жарияланған нөмірлердің электронды нұсқалары журнал сайтының «Мұрағат» бөлімінде қол жетімді.

Әр нөмірде журналдың негізгі бағыттары бойынша өзекті тақырыптарға арналған 10-ға жуық ғылыми мақалалар жарияланады.

Жарияланған материалдардың жоғары сапасына мақалаларды мұқият іріктеу, екі рет қарау және ғылыми редакциялау нәтижесінде қол жеткізіледі.